Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңалықтары туралы» семинар


Басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл шеңберінде 2021 жылдың 1 сәурінде Солтүстік Қазақстан облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңалықтары туралы» семинар өткізілді.  Семинарды Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл Агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаметінің инспекторы С.Н. Зайцева жүргізді. Семинар барысында 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына енгізілген және күшіне енген жаңалықтар туралы түсіндірмелер берілді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы статистикалық мәліметтерімен қоса сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, мемлекеттік органдардың қызметіне халықтың сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар туралы ақпарат берілді. Кездесу мемлекеттік қызметкерлер үшін  өзекті де маңызды болды. Семинар соңында Зайцева С.Н. департамент қызметкерлерінің сауалдарына жауап берді


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь