Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

Орта білім беру мекемелері үшін семинар

2021 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап Қазақстанда білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу рәсімі қалпына келтірілді, оның жаңа форматы олардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылған білім беру қызметінің өзін-өзі бағалау материалдарын, Ұлттық білім беру деректер базасында орналасқан және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған басқа ақпаратты қашықтықтан зерделеуді көздейді.

Осы процеске қатысушылардан келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды, сондай-ақ білім берудің әртүрлі деңгейлеріндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығымен Білім беру ұйымдарын бағалаудың жаңа критерийлерін бекітті.

Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті түсіндірме жұмыстары аясында Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімінің көмегімен облыс орталығының орта білім беру ұйымдарының басшыларына осы нормативтік құқықтық актінің қолданылуы бойынша  семинар өткізді.

Семинарға қатысушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Әдістемелік нұсқауларға қосымшалардағы мәліметтерді толтыру, мектептің ресми интернет-ресурсында растаушы құжаттарды орналастыру, оқу қызметіне қойылатын біліктілік талаптары туралы, 4 және 9-сынып оқушыларының білімінің қимасы туралы және т.б. сұрақтарға түсініктемелер берілді.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь