Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

АТА-АНАНЫҢ ТӘРБИЕСІ-БАЛА МІНЕЗІНІҢ ІРГЕТАСЫ

АТА-АНАНЫҢ ТӘРБИЕСІ-БАЛА МІНЕЗІНІҢ ІРГЕТАСЫ 

15 –қазан күні Солтүстік Қазақстан облыстық ата-аналар қоғамдық бірлестігі филиалының Білім басқармасымен бірігіп ұйымдастырған «АТА-АНА- ҰЛТТЫҢ ҰЯСЫ» тақырыбында өткен ата-аналар форумына департамент басшысы А.Сураганова қатысты. Форумға республикалық «Сенімен Болашақ» ата-аналар қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Нұркен Асанов, қоғам қайраткері Асанғазы Оразкүл, РҚБ төрағаның міндеін атқарушы Жансая Исмагулова қатысты. Спикерлер бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, жиналған ата-аналар қауымдастығына өз ұсыныстарын айтты. Пленарлық отырыс әрі қарай «Отбасы тәрбиесінің стилі және оның бала тұлғасының дамуына әсері», «Жасөспірімдердің дағдарыстық жағдайларының алдын алу», «Баланың әлеуметтік мінез-құлқы. Мектептегі қорқыту және онымен күресу жолдары» тақырыбындағы секция жұмыстарымен жалғасты. Мұндай әсерлі іс-шаралар, әсіресе ата-аналар үшін өте пайдалы, ашық диалог алаңында бала тәрбиесінде байланысты пікір алмасу, мамандардың кеңесін алуға болады. Бүгінгі күні облыстық ата-аналар қоғамдық бірлестігіне (төрағасы Жанат Мұхаметжанов) білім басқармасымен, мектептермен өзара ынтымақтастықта жүргізіп жатқан жұмысына сәттілік тілейміз.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь