Солтүстік Қазақстан облысының
Білім саласындағы бақылау департаментінің
сайтына қош келдіңіздер



Құрметті оқырмандар!

Сіздермен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің ресми сайтында сұбхаттаса отырып, Департамент қызметін сипаттайтын барлық ақпаратты жариялап қана қоймай, білім сапасын арттырудың түйінді мәселелеріне де жауап беретін хабарларды орналастыруды өз парызымыз деп санаймыз. «Нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде «Білім туралы», «Рұқсаттамалар мен хабарландырулар туралы», «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» ҚР Заңдарын, "Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы"

Департамент құрылымы, оның басшылары туралы мәліметтермен, сондай-ақ Департамент қызметін регламенттейтін құқықтық актілермен тиісті бөлімдерде танысасыздар. «Жаңалықтар» бөлімі білім саласында болып жатқан оқиғалар ортасында болуға мүмкіндік береді. Сіздерді толғандыратын мәселелерге жауапты «Сұрақ-жауап» бөлімінен таба аласыздар. Құрметті сайтқа келушілер! Әріптестер, ата-аналар, мектеп оқушылары және лицейлер мен колледждердің оқушылары, Сіздермен өзара түсіністік пен жемісті серіктестікке сенім артамыз.

Сіздерге деген зор құрметпен шын жүректен шыққан ыстық ықыласпен, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Солтұстік Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Әбілдинов Ерлан Слямбекұлы

Солтүстік Қазақстан облысы мектептерінің Қамқоршылық кеңесінің отырысы туралы ақпарат

2018 жылғы 21 – 29 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысының Aққайын (Астраханка ОМ), Есіл (Волошинканың ОМ), Maмлют (Белое ОМ), Ғабит Мүсірепов атындағы (Калиновска ОМ), Тайынша (Ясная Поляна ОМ) аудандарының білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестерінің отырыстарына бақылаушы ретінде қатысты.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы және мектеп директоры немесе олардың оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарларының атқарылған жұмыстар туралы есептері тыңдалды.
Қамқоршылық кеңестердің шешуге қатысты мәселелері әр түрлі болды: материалдық-техникалық базасын нығайту, білім беру мекемелерінің ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу, «жақсы» және «үздік» бағаларына оқуын бітірген оқушыларға, спортшыларға және белсенділерге стипендия беру үшін бюджеттен тыс қаражатты тарту, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, «Ақылдылар» акциясын, мектептік конкурстар, жарыстар, викториналар, мерекелер, мұражайларға, ойын-сауық орталықтарына экскурсия ұйымдастыру және өткізу, дарынды балаларға және жетім балаларға қолдау көрсету, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету.
БСБД қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 123 бұйрығымен Қамқоршылық Кеңестің жұмысын ұйымдастырудың Үлгілік қағидаларына еңгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсініктемелер берілді.

Участие в родительских собраниях  Участие в родительских собраниях Участие в родительских собраниях

Участие в родительских собраниях Участие в родительских собраниях Участие в родительских собраниях

«Академик Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ Қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізу туралы ақпарат

2018 жылғы 21 маусым академик Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жұмысқа Қамқоршылар кеңесі мен мектеп әкімшілігі қатысты. Қамқоршылық кеңесінің отырысында бақылаушы ретінде Солтүстік Қазақстан облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы Ахметова Баян Kaйсарбекқызы қатысты.
Қамқоршылық Кеңес мүшелері 2017-2018 оқу жылындағы оқу көрсеткіштер және білім сапасы туралы оқу жөніндегі директордың орынбасары И.Н.Кокоштың баяндамасын тыңдады. Кеңес мүшелері бірқатар сұрақтар қойды, оларға толық жауап алды. Олардың ішінде, келесі оқу жылында жаңартылған бағдарламаға дайындық мәселесі, мектеп түлектерінің Явленка а. ҰБТ-ға кетуі туралы, Kүнdelik электрондық журналымен жұмыс істеу, қазақ тілін оқыту сапасы және т.б.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері тыңдады сөйлеген директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кокош И. Н., ол жеткізді мәліметтер туралы ақпаратты оқу үлгерімі мен білім сапасы қорытындысы бойынша 2017-2018 оқу жылы. Кеңес мүшелері бірқатар сұрақтар қойды, оларға жауаптар алды. Олардың арасында туралы мәселе бойынша оқытудың жаңартылған бағдарламасы келесі оқу жылында жұмыс, электрондық журналы "Күнделік", " шығу туралы оқушылардың ҰБТ пункті Явленка с., туралы ретінде қазақ тілін оқыту және басқа да.
Жиналыстың күн тәртібіндегі екінші мәселе: Қамқоршылық кеңесінің төрағасы атқарылған жұмыстар туралы есеппен сөз сөйледі. Мектептің өміріне ең белсенді қатысқан ата-аналар, демеушілер туралы айтылды. Бір жыл бойы спорт жабдықтарын, жиһазды, шағын орталық пен мектепке арналған төсек-орынды сатып алуға 500 000 теңгеден астам сомаға көмек көрсетілді. Тартылған қаражат есебінен оқу кабинеттерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қамқоршылык кеңесінің мүшесі Т.К.Теменов «Аютас» сауықтыру лагері туралы өз әсерлерімен бөлісті және лагердің жағдайы жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Күн тәртібіндегі үшінші сұрақ - мектеп-гимназияның директоры Н.Ж.Билялованың сөзі. Мектеп басшысы кеңес мүшелерінен мектеп мұражайының реконструкциясына көмектесуін сұрады.
Мектеп директоры жоспарланған жұмыс көлемі және оны жүзеге асырудың қажетті құралдарымен, осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Кеңес мүшелері мектеп мұражайының қайта жаңартуына қатысты директордың бастамасын белсенді қолдап, өз ұсыныстарын, осы мәселені шешудің әзірленген тактикасын жасады.

Семинар-совещаниеСеминар-совещаниеСеминар-совещание

Мен адалмын СҚО

«Біз, Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бакылау департаментінің меммлекеттік қызметшілері «Мен адалмын» акциясын қолдаймыз, біз өз жұмысымызда адалмыз және сатылмаймыз, біз осы қағидаларға сүйеніп жүруге міндеттенеміз. Біз барлықтарыңызды біздің үлгімізді ұстануға шақырамыз! ».

Я честный

Ашық есік күні

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті 2018 жылғы 19 маусымда білім беру ұйымдары, азаматтар, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін «Ашық есік күні» өткізеді.
Осы күні департаменттің мамандары білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, білім беру саласындағы заңнаманы сақтау жөнінде өтініш бергендерге консультациялық көмек көрсетеді.
«Ашық есік күні» 9.00-ден 18.30-ға дейін, Петропавл қ., Пушкин к-сі, 81, 201, 203 каб. мекен жайында өтеді.

«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына енгізілген өзгертулер туралы

Құрметті сайт оқырмандары, сіздердің назарларыңызға жеткіземіз: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 355 бұйрығына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 123 бұйрығымен өзгерістер енгізілді.
Қамқоршылық Кеңестің жұмысын ұйымдастырудың Үлгілік қағидаларына енгізілген өзгертулерменОСЫНДА танысуға болады.

Тайынша ауданында ақпараттық-түсіндіру жұмысы

Тайынша қаласындағы № 5 орта мектебінде Солтүстік Қазақстан облысы білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы Б.К. Ахметова білім саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша мектеп директорларымен семинар өткізді.
Қатысушылар ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2018 № 24 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.03.2018 № 91 бірлескен бұйрығымен бекітілген білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарына енгізілген өзгертулермен таныстырылды.
Семинар соңында басшылардың қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.

Информационно-разъяснительная работа  в Тайыншинском районе Информационно-разъяснительная работа  в Тайыншинском районе

Жаңа құралдар арқылы бизнесті қорғау

Прокуратура органдарының үйлестіру рөлін күшейту және кәсіпкерлердің құқығ ын қорғау мақсатында Казақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі -Комитет) кәсіпкерлерге қөмекші құ рал ретінде
«QAMQOR» ұялы қосымшасын әзірледі.
Бұл қосымшаны ұялы телефона орнатқан жағдайда, кәсіпкерге тексеру тағайындалғанда «Сізге тексеру келеді» деген Puch-хабарлама келеді

Толығырақ

Хабарландыру

СолтүстікҚазақстаноблысыныңБілімсаласындағыбақылаудепартаменті 2018жылғы24сәуірде сағ.11.00-де мемлекеттікорганның 2017жылғымемлекеттікқызметтеркөрсетусаласындағықызметітуралыесептіңжарияталқылауыөткізілетінітуралымүдделіжекежәнезаңдытұлғаларғахабарлайды.
Мекенжай: Петропавл қ., Пушкин к., 81, №221 дәрісх.

Шал ақын ауданында ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді

Ағымдағы жылғы 29 наурызында Шал ақын ауданы Сергеевка қ. аудан педагогикалық қызметкерлері және ата-аналар өкілдерімен семинар - кездесу жүргізілді.
«Білім беру жүйесін цифрландыру» тақырыбы бойынша баяндамамен СҚО Білім саласындағы бақылау Департаментінің бас маманы Б.К.Ахметова сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында анықталған міндеттерді іске асыру аясында білім беру жүйесін цифрландыруының негізгі бағыттары бойынша ашық әңгіме өткізілді.
Кездесу барысында қатысушыларға оларды қызықтыратын сұрақтарға жауаптар берілді.

Информационно-разъяснительная работа  в районе Шал акына Информационно-разъяснительная работа  в районе Шал акынаИнформационно-разъяснительная работа  в районе Шал акына

Информационно-разъяснительная работа  в районе Шал акынаИнформационно-разъяснительная работа  в районе Шал акына

«Кеңес Одағының Батыры И. М. Бережной атындағы Келлер орта мектебі» КММ кезектен тыс Қамқоршылық кеңесінің отырысы

2018 жылғы 14 наурызында Тайынша ауданының «Кеңес Одағының Батыры И. М. Бережной атындағы Келлер орта мектебі» КММ кезектен тыс Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.
Бақылаушы ретінде Қамқоршылық кеңесінің отырысында Солтүстік Қазақстан облысы білім саласындағы бақылау Департаментінің өкілі Ахметова Баян Кайсарбековна, Тайынша ауданы білім бөлімі басшысының орынбасары Игібаева Гүлнар Сапарғалиқызы, білім бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі жетекші маманы Абильмажинова Салтанат Қанатқызы.
Қамқоршылық кеңесінің отырысында 2017 - 2018 оқу жылы 1 жартыжылдығының жұмыс қорытындысы, «Солтүстік жұлдызы – 2018» фольклорлық фестиваліне «Рухани жанғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» шеңберінде / Наурыз – мейрамына / дайындық нәтижелері қарастырылды.
Есепті талқылау барысында ДЭУ бастығы, Тайынша ауданының мәслихат депутаты, Кершис Александр Владимирович оқушылардың тұрмыстық жағдайларын жақсарту қажеттігі туралы мәселе көтерді.
Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, қоғамдық кеңесінің төрағасы, Заболотная Людмила Алексеевна Қамқоршылық кеңесінің жұмысы жоспарларды іске асыруға мүмкіндік береді және барлық оқушыларға қазіргі замануи оқыту және тәрбиелеудің жағдайын қамтамасыз етеді деп сенімін білдірді.

Внеочередное заседание Попечительского совета КГУ «Келлеровская средняя школа им. Героя Советского Союза И.М. Бережного» Внеочередное заседание Попечительского совета КГУ «Келлеровская средняя школа им. Героя Советского Союза И.М. Бережного» Внеочередное заседание Попечительского совета КГУ «Келлеровская средняя школа им. Героя Советского Союза И.М. Бережного»

Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 7 наурызындағы № 88 «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес, 10 - 24 сәуір аралығында еліміздің жалпы білім беру мектептерінің 4, 9 және 11-сынып оқушыларының сырттай бағалау рәсімі өткізіледі (ОЖСБ).

Толығырақ

2018 жылғы ақпан айы бойынша мемлекеттік бақылау қорытындысы

Ағымдағы жылдың ақпан айында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Білім саласындағы бақылау департаменті 12 мектепте ішінара тексерістер жүргізді.
Тексеру нәтижелері бойынша "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Қызылжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің " Бугровое орта мектебі" КММ білім беру саласындағы заң бұзушылықтары анықталған жоқ.
Тексеріс нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза он бір білім беру ұйымдарының басшыларына салынды, олар:
- Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бәйтерек орта мектебі» КММ;
- «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Боголюбово орта мектебі» КММ;
- «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сивков орта мектебі» КММ;
- Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының «Пролетарка орта мектебі» КММ;
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының «Совет орта мектебі» КММ;
- Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының «Чистов орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№ 2 орта мектеп» КММ;
- «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№ 8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені» КММ;
- «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№ 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені» КММ;
- Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Солтүстік Қазақстан облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат» КММ;
- «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлют № 2 орта мектебі» КММ.

Құрметті оқырмандар!

Сіздерді көктемгі жаңару мейрамы - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз шаңырағыңызға көктемгі көңіл-күймен, жомарт дастарханмен және қуанышпен енсін!
Сіздерге бар жақсылықты, молшылықты, бейбітшілік пен жақсы болашақ тілейміз!

«Алтын белгісінен» айырылмайды

Құрметті ханымдар - сайт қонақтары!

8 наурыз - ең әдемі, әрі шуақты көктем мерекесімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге денсаулық, отбасылық бақыт, амандық тілейміз.
Білім беру саласында жұмыс істейтін ханымдарды ерекше құттықтаймыз. Сізге, қымбатты әріптестер, шығармашылық табыс пен қуанышты сәттілік тілейміз!

Дорогие женщины – посетительницы нашего сайта!

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы

Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысының м.а. Гапчич Т.А. Петропавл қ., Тимирязев, Шал ақын, Мамлют және Жамбыл аудандарының білім беру қызметкерлерімен кездесу- семинарлар өткізді.
Семинарларда білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау, қамқоршылық кеңестердің қызметі, ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, оқулықтармен қамтамасыз ету, білім берудің жаңартылған мазмұны мен цифрландыру мәселелері қаралды.

Информационно-разъяснительная работаИнформационно-разъяснительная работа Информационно-разъяснительная работа

Круглый стол Информационно-разъяснительная работа Информационно-разъяснительная работа

Информационно-разъяснительная работа Информационно-разъяснительная работа

Қызылжар ауданының мектептерінде ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

2018 жылғы ақпанның 5-9 аралығында Қызылжар ауданының 4 мектебінде Солтүстік Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаментінің бас мамандарымен ата-аналар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуде білім беру саласындағы реформалары, көптілділік, критериалды бағалау мәселелері талқыланды. Қазақстан ата-аналары Ассоциациясының (қоғамдық бірлестігінің) «Soft» бағдарламасына қосылу туралы айтылды. Кездесу соңында сұрақтарға жауаптар берілді.

Информационно-разъяснительная работа  в школах Кызылжарского района Информационно-разъяснительная работа  в школах Кызылжарского района Информационно-разъяснительная работа  в школах Кызылжарского района

Информационно-разъяснительная работа  в школах Кызылжарского района Информационно-разъяснительная работа  в школах Кызылжарского района Информационно-разъяснительная работа  в школах Кызылжарского района

Тайынша ауданына жұмыс сапары

Солтүстік Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысының міндетін атқарушы Гапчич Т.А. Тайынша ауданында жұмыс сапарымен болды. Іссапар барысында аудан әкімі В.С.Дудовпен кездесіп, білім жағдайының жекелеген мәселелері талқыланды, соның ішінде: білім беру қызметтерінің сапалық деңгейі, Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру, педагогтар мен ата-аналар арасында ақпараттық жұмыс жүргізу және басқа да.
Тайынша қаласынындағы № 5 орта мектебінде Т.А. Гапчич мектеп директорларымен білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелері жөнінде, білім беру саласындағы реформаларды іске асыру, Қамқоршылық кеңестер арқылы қоғамдық бақылау ұйымдастыру туралы семинар өткізді. Семинар соңында басшылардың қойылған сұрақтарына жауаптар берді.
Сондай-ақ, Татьяна Анатольевна аудан орталығы мектептерінің ата-аналары өкілдерімен кездесті. Кездесуде жаңартылған білім беру мазмұны, критериальды бағалау, үштілдік және пәндерді ағылшын тілінде оқыту, Қамқоршылық кеңестерінің қазіргі кезеңде мектепті басқару рөлі туралы мүдделі әңгіме жүргізді. Ата-аналар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды, мектептердегі проблемалары туралы айтты, сондай-ақ, пәндерді оқыту деңгейін жақсарту және оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізді.

Рабочий визит в Тайыншинский районРабочий визит в Тайыншинский районРабочий визит в Тайыншинский район

Рабочий визит в Тайыншинский районРабочий визит в Тайыншинский районРабочий визит в Тайыншинский район

Рабочий визит в Тайыншинский районРабочий визит в Тайыншинский районаРабочий визит в Тайыншинский район

Ақжар,Уәлиханов аудандарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді

Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы Д.Аульбеков іссапармен Ақжар, Уәлиханов аудандарының білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу кезінде ішінара тексеріс бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. Жұмысқа мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Бас маман кездесуге қатысушыларды ішінара тексерісті жүргізудің рәсімдерімен таныстырды және тексеру парағының бөлімдеріне, білім беру ұйымдарының ішінара тексеріске түсуінің субъективті өлшемшарттарына назар аударды.
Ақжар, Уәлиханов аудандарының ата-аналарымен cеминар- кеңес барысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Министрлік пен ата-аналар арасында үздіксіз байланыс орнату үшін білім беру ұйымдары ата-аналарының ұялы телефондарында ашылған чаттарын Қазақстан ата-аналары Ассоциациясының (қоғамдық бірлестігінің) нөмірінің қосылуы, білім беру саласындағы болып жатқан реформалар бойынша, атап айтқанда, көптілділік, критериалды бағалау, мектептердегі «Қамқоршылық кеңес» жұмыстары бойынша кеңінен түсіндірілді. Көкейкесті мәселелер лауазымды орындарға жіберілді.

Ақжар,Уәлиханов аудандарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді Ақжар,Уәлиханов аудандарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді Ақжар,Уәлиханов аудандарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді

Ақжар,Уәлиханов аудандарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді Ақжар,Уәлиханов аудандарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді Ақжар,Уәлиханов аудандарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді

Қамқоршылық кеңестердің отырысы

2018 жылдың қаңтар айының соңғы күнінде Мағжан Жұмабаев ауданының Полудин балалар үйінің Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.
Кездесуде осы мекеменің директоры Юрий Афанасьевич Ляпиннің 2017 жылы балалар үйінің қызметі туралы есебін, соның ішінде қайырымдылық көмек көрсетуді, қазақстандық азаматтардың отбасыларында оқушыларды ұйымдастыру бойынша қабылданған шараларды тыңдады.
Басшы Қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне 2018 жылға жоспарлар туралы хабарлады.
Қамқоршылық кеңесінің отырысында байқаушы ретінде Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы департаменті басшысының м.а. Гапчич Т.А. қатысты.

Заседании попечительского советаЗаседании попечительского совета

Беттер

Subscribe to Официальный интернет-ресурс  Департамента по контролю в сфере образования Северо-Казахстанской области RSS