Солтүстік Қазақстан облысының
Білім саласындағы бақылау департаментінің
сайтына қош келдіңіздер



Құрметті оқырмандар!

Сіздермен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің ресми сайтында сұбхаттаса отырып, Департамент қызметін сипаттайтын барлық ақпаратты жариялап қана қоймай, білім сапасын арттырудың түйінді мәселелеріне де жауап беретін хабарларды орналастыруды өз парызымыз деп санаймыз. «Нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде «Білім туралы», «Рұқсаттамалар мен хабарландырулар туралы», «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» ҚР Заңдарын, "Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы"

Департамент құрылымы, оның басшылары туралы мәліметтермен, сондай-ақ Департамент қызметін регламенттейтін құқықтық актілермен тиісті бөлімдерде танысасыздар. «Жаңалықтар» бөлімі білім саласында болып жатқан оқиғалар ортасында болуға мүмкіндік береді. Сіздерді толғандыратын мәселелерге жауапты «Сұрақ-жауап» бөлімінен таба аласыздар. Құрметті сайтқа келушілер! Әріптестер, ата-аналар, мектеп оқушылары және лицейлер мен колледждердің оқушылары, Сіздермен өзара түсіністік пен жемісті серіктестікке сенім артамыз.

Сіздерге деген зор құрметпен шын жүректен шыққан ыстық ықыласпен, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Солтұстік Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Әбілдинов Ерлан Слямбекұлы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылығының Петропавл қаласы педагогикалық қоғамдастығымен кездесулеріне қатысу

«Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында ағымдағы жылдың 1 және 5 қарашасында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылығының Петропавл қаласы мектеп директоры және педагогтармен кездесуі өтті.
СҚО Білім саласындағы бақылау департаменті МҚІА шақыруы бойынша аталған іс-шараларға қатысты.
Қамқоршылық кеңестерінің жұмысы туралы және мектептерде ақша жинау мәселелері бойынша Департаменттің бас маманы Ахметова Б.К. сөз сөйледі.
Кездесуде қатысушыларға Қамқоршылық кеңестердің қызметі бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасының нормалары түсіндірілді, білім беру саласындағы ең өткір және үнемі талқыланатын тақырыптардың біріне, мектептерде ақша жинау мәселесіне, құқықтық баға берілді.
Кездесу соңында мектеп басшылары мен педагогтарға өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.
Участие в родительских собраниях  Участие в родительских собраниях Участие в родительских собраниях

Участие в родительских собраниях Участие в родительских собраниях

Құрметті сайттыно қырмандары!

БіздіңДепартаменттесенім телефон ашылғанын туралы хабарлаймыз, ол телефон арқылы сізқоңыраушалып, ақшақаражатынзаңсызжинауфактілерітуралы, сондай-ақсіздіңоқуорындарындағы «мәжбүрлеп» ақылытестілер мен тестілеулер өткізу туралыхабарлайаласыз.

Солүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің сенім телефоны: 8-7152-49-38-28.

Үздік педагог

«Үздік педагог -2018» республикалық байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз:
Айнагүл Ескалиеваны, Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамамндандырылған гимназия-интернатының қазақ тілі және әдебиет мұғалімі,
Елену Шрайберді, Қызылжар ауданы Петерфельд орта мектебінің орыс тілі және әдебиет мұғалімі,
Елену Землякованы, Петропавл қ. бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейнің физика пәнінің мұғалімі,
Серік Кулатаевты, Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.
Келешекте шығармашылық табыстар мен кәсіби жетістіктерге жетеберулеріңізге тілектеспіз!

День учителя!!!

Мұғалімдер күні!!!

Қадірлі Солтүстік Қазақстан облысының ұстаздары!
Сіздерді келе жатқан төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Білім арқылы адам баласы өмірдегі өз орнын табады. Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі.
Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылықізденістер, ғылымижаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен!

День учителя!!!

Келе жатқан Ұстаздар күні құтты болсын!

Солтүстік Қазақстан облысы мектептерінің Қамқоршылық кеңесінің отырысы туралы ақпарат

2018 жылғы 21 – 29 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысының Aққайын (Астраханка ОМ), Есіл (Волошинканың ОМ), Maмлют (Белое ОМ), Ғабит Мүсірепов атындағы (Калиновска ОМ), Тайынша (Ясная Поляна ОМ) аудандарының білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестерінің отырыстарына бақылаушы ретінде қатысты.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы және мектеп директоры немесе олардың оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарларының атқарылған жұмыстар туралы есептері тыңдалды.
Қамқоршылық кеңестердің шешуге қатысты мәселелері әр түрлі болды: материалдық-техникалық базасын нығайту, білім беру мекемелерінің ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу, «жақсы» және «үздік» бағаларына оқуын бітірген оқушыларға, спортшыларға және белсенділерге стипендия беру үшін бюджеттен тыс қаражатты тарту, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, «Ақылдылар» акциясын, мектептік конкурстар, жарыстар, викториналар, мерекелер, мұражайларға, ойын-сауық орталықтарына экскурсия ұйымдастыру және өткізу, дарынды балаларға және жетім балаларға қолдау көрсету, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету.
БСБД қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 123 бұйрығымен Қамқоршылық Кеңестің жұмысын ұйымдастырудың Үлгілік қағидаларына еңгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсініктемелер берілді.

Участие в родительских собраниях  Участие в родительских собраниях Участие в родительских собраниях

Участие в родительских собраниях Участие в родительских собраниях Участие в родительских собраниях

«Академик Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ Қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізу туралы ақпарат

2018 жылғы 21 маусым академик Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жұмысқа Қамқоршылар кеңесі мен мектеп әкімшілігі қатысты. Қамқоршылық кеңесінің отырысында бақылаушы ретінде Солтүстік Қазақстан облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы Ахметова Баян Kaйсарбекқызы қатысты.
Қамқоршылық Кеңес мүшелері 2017-2018 оқу жылындағы оқу көрсеткіштер және білім сапасы туралы оқу жөніндегі директордың орынбасары И.Н.Кокоштың баяндамасын тыңдады. Кеңес мүшелері бірқатар сұрақтар қойды, оларға толық жауап алды. Олардың ішінде, келесі оқу жылында жаңартылған бағдарламаға дайындық мәселесі, мектеп түлектерінің Явленка а. ҰБТ-ға кетуі туралы, Kүнdelik электрондық журналымен жұмыс істеу, қазақ тілін оқыту сапасы және т.б.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері тыңдады сөйлеген директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кокош И. Н., ол жеткізді мәліметтер туралы ақпаратты оқу үлгерімі мен білім сапасы қорытындысы бойынша 2017-2018 оқу жылы. Кеңес мүшелері бірқатар сұрақтар қойды, оларға жауаптар алды. Олардың арасында туралы мәселе бойынша оқытудың жаңартылған бағдарламасы келесі оқу жылында жұмыс, электрондық журналы "Күнделік", " шығу туралы оқушылардың ҰБТ пункті Явленка с., туралы ретінде қазақ тілін оқыту және басқа да.
Жиналыстың күн тәртібіндегі екінші мәселе: Қамқоршылық кеңесінің төрағасы атқарылған жұмыстар туралы есеппен сөз сөйледі. Мектептің өміріне ең белсенді қатысқан ата-аналар, демеушілер туралы айтылды. Бір жыл бойы спорт жабдықтарын, жиһазды, шағын орталық пен мектепке арналған төсек-орынды сатып алуға 500 000 теңгеден астам сомаға көмек көрсетілді. Тартылған қаражат есебінен оқу кабинеттерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қамқоршылык кеңесінің мүшесі Т.К.Теменов «Аютас» сауықтыру лагері туралы өз әсерлерімен бөлісті және лагердің жағдайы жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Күн тәртібіндегі үшінші сұрақ - мектеп-гимназияның директоры Н.Ж.Билялованың сөзі. Мектеп басшысы кеңес мүшелерінен мектеп мұражайының реконструкциясына көмектесуін сұрады.
Мектеп директоры жоспарланған жұмыс көлемі және оны жүзеге асырудың қажетті құралдарымен, осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Кеңес мүшелері мектеп мұражайының қайта жаңартуына қатысты директордың бастамасын белсенді қолдап, өз ұсыныстарын, осы мәселені шешудің әзірленген тактикасын жасады.

Семинар-совещаниеСеминар-совещаниеСеминар-совещание

Мен адалмын СҚО

«Біз, Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бакылау департаментінің меммлекеттік қызметшілері «Мен адалмын» акциясын қолдаймыз, біз өз жұмысымызда адалмыз және сатылмаймыз, біз осы қағидаларға сүйеніп жүруге міндеттенеміз. Біз барлықтарыңызды біздің үлгімізді ұстануға шақырамыз! ».

Я честный

Ашық есік күні

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті 2018 жылғы 19 маусымда білім беру ұйымдары, азаматтар, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін «Ашық есік күні» өткізеді.
Осы күні департаменттің мамандары білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, білім беру саласындағы заңнаманы сақтау жөнінде өтініш бергендерге консультациялық көмек көрсетеді.
«Ашық есік күні» 9.00-ден 18.30-ға дейін, Петропавл қ., Пушкин к-сі, 81, 201, 203 каб. мекен жайында өтеді.

«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына енгізілген өзгертулер туралы

Құрметті сайт оқырмандары, сіздердің назарларыңызға жеткіземіз: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 355 бұйрығына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 123 бұйрығымен өзгерістер енгізілді.
Қамқоршылық Кеңестің жұмысын ұйымдастырудың Үлгілік қағидаларына енгізілген өзгертулерменОСЫНДА танысуға болады.

Тайынша ауданында ақпараттық-түсіндіру жұмысы

Тайынша қаласындағы № 5 орта мектебінде Солтүстік Қазақстан облысы білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы Б.К. Ахметова білім саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша мектеп директорларымен семинар өткізді.
Қатысушылар ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2018 № 24 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.03.2018 № 91 бірлескен бұйрығымен бекітілген білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарына енгізілген өзгертулермен таныстырылды.
Семинар соңында басшылардың қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.

Информационно-разъяснительная работа  в Тайыншинском районе Информационно-разъяснительная работа  в Тайыншинском районе

Жаңа құралдар арқылы бизнесті қорғау

Прокуратура органдарының үйлестіру рөлін күшейту және кәсіпкерлердің құқығ ын қорғау мақсатында Казақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі -Комитет) кәсіпкерлерге қөмекші құ рал ретінде
«QAMQOR» ұялы қосымшасын әзірледі.
Бұл қосымшаны ұялы телефона орнатқан жағдайда, кәсіпкерге тексеру тағайындалғанда «Сізге тексеру келеді» деген Puch-хабарлама келеді

Толығырақ

Хабарландыру

СолтүстікҚазақстаноблысыныңБілімсаласындағыбақылаудепартаменті 2018жылғы24сәуірде сағ.11.00-де мемлекеттікорганның 2017жылғымемлекеттікқызметтеркөрсетусаласындағықызметітуралыесептіңжарияталқылауыөткізілетінітуралымүдделіжекежәнезаңдытұлғаларғахабарлайды.
Мекенжай: Петропавл қ., Пушкин к., 81, №221 дәрісх.

Шал ақын ауданында ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді

Ағымдағы жылғы 29 наурызында Шал ақын ауданы Сергеевка қ. аудан педагогикалық қызметкерлері және ата-аналар өкілдерімен семинар - кездесу жүргізілді.
«Білім беру жүйесін цифрландыру» тақырыбы бойынша баяндамамен СҚО Білім саласындағы бақылау Департаментінің бас маманы Б.К.Ахметова сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында анықталған міндеттерді іске асыру аясында білім беру жүйесін цифрландыруының негізгі бағыттары бойынша ашық әңгіме өткізілді.
Кездесу барысында қатысушыларға оларды қызықтыратын сұрақтарға жауаптар берілді.

Информационно-разъяснительная работа  в районе Шал акына Информационно-разъяснительная работа  в районе Шал акынаИнформационно-разъяснительная работа  в районе Шал акына

Информационно-разъяснительная работа  в районе Шал акынаИнформационно-разъяснительная работа  в районе Шал акына

«Кеңес Одағының Батыры И. М. Бережной атындағы Келлер орта мектебі» КММ кезектен тыс Қамқоршылық кеңесінің отырысы

2018 жылғы 14 наурызында Тайынша ауданының «Кеңес Одағының Батыры И. М. Бережной атындағы Келлер орта мектебі» КММ кезектен тыс Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.
Бақылаушы ретінде Қамқоршылық кеңесінің отырысында Солтүстік Қазақстан облысы білім саласындағы бақылау Департаментінің өкілі Ахметова Баян Кайсарбековна, Тайынша ауданы білім бөлімі басшысының орынбасары Игібаева Гүлнар Сапарғалиқызы, білім бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі жетекші маманы Абильмажинова Салтанат Қанатқызы.
Қамқоршылық кеңесінің отырысында 2017 - 2018 оқу жылы 1 жартыжылдығының жұмыс қорытындысы, «Солтүстік жұлдызы – 2018» фольклорлық фестиваліне «Рухани жанғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» шеңберінде / Наурыз – мейрамына / дайындық нәтижелері қарастырылды.
Есепті талқылау барысында ДЭУ бастығы, Тайынша ауданының мәслихат депутаты, Кершис Александр Владимирович оқушылардың тұрмыстық жағдайларын жақсарту қажеттігі туралы мәселе көтерді.
Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, қоғамдық кеңесінің төрағасы, Заболотная Людмила Алексеевна Қамқоршылық кеңесінің жұмысы жоспарларды іске асыруға мүмкіндік береді және барлық оқушыларға қазіргі замануи оқыту және тәрбиелеудің жағдайын қамтамасыз етеді деп сенімін білдірді.

Внеочередное заседание Попечительского совета КГУ «Келлеровская средняя школа им. Героя Советского Союза И.М. Бережного» Внеочередное заседание Попечительского совета КГУ «Келлеровская средняя школа им. Героя Советского Союза И.М. Бережного» Внеочередное заседание Попечительского совета КГУ «Келлеровская средняя школа им. Героя Советского Союза И.М. Бережного»

Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 7 наурызындағы № 88 «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес, 10 - 24 сәуір аралығында еліміздің жалпы білім беру мектептерінің 4, 9 және 11-сынып оқушыларының сырттай бағалау рәсімі өткізіледі (ОЖСБ).

Толығырақ

2018 жылғы ақпан айы бойынша мемлекеттік бақылау қорытындысы

Ағымдағы жылдың ақпан айында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Білім саласындағы бақылау департаменті 12 мектепте ішінара тексерістер жүргізді.
Тексеру нәтижелері бойынша "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Қызылжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің " Бугровое орта мектебі" КММ білім беру саласындағы заң бұзушылықтары анықталған жоқ.
Тексеріс нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза он бір білім беру ұйымдарының басшыларына салынды, олар:
- Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бәйтерек орта мектебі» КММ;
- «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Боголюбово орта мектебі» КММ;
- «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сивков орта мектебі» КММ;
- Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының «Пролетарка орта мектебі» КММ;
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының «Совет орта мектебі» КММ;
- Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының «Чистов орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№ 2 орта мектеп» КММ;
- «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№ 8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені» КММ;
- «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№ 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені» КММ;
- Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Солтүстік Қазақстан облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат» КММ;
- «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлют № 2 орта мектебі» КММ.

Құрметті оқырмандар!

Сіздерді көктемгі жаңару мейрамы - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз шаңырағыңызға көктемгі көңіл-күймен, жомарт дастарханмен және қуанышпен енсін!
Сіздерге бар жақсылықты, молшылықты, бейбітшілік пен жақсы болашақ тілейміз!

«Алтын белгісінен» айырылмайды

Құрметті ханымдар - сайт қонақтары!

8 наурыз - ең әдемі, әрі шуақты көктем мерекесімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге денсаулық, отбасылық бақыт, амандық тілейміз.
Білім беру саласында жұмыс істейтін ханымдарды ерекше құттықтаймыз. Сізге, қымбатты әріптестер, шығармашылық табыс пен қуанышты сәттілік тілейміз!

Дорогие женщины – посетительницы нашего сайта!

Беттер

Subscribe to Официальный интернет-ресурс  Департамента по контролю в сфере образования Северо-Казахстанской области RSS